Біздің сайтқа қош келдіңіздер


Жұмыс кестесі

Пон. - Пят. : 08:30 - 16:42

Анализ қортындылары

Пон. - Пят. : 14:00 - 16:00

Сенім тұтқасы

8/705/689-67-86

Анықтама

8/7292/50-40-49
Мекен-жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 3 ш/а., 170 ғимарат.
Е-mail: spid_aktau@med.mail.kz
Телефон: +7 (7292) 50-73-62

Задать вопрос?
94 жазбадан 81-94 аралығы көрсетілген.
Сұрақ     Лена 10:23 08-02-2016
Возможно ли заражение если свои выделение влагалищные попали в свои кровоток выделение были не особо чистые были некоторые легкие инфекции
 17-02-2016    Ответ
Если есть инфекция возможно.


Сұрақ     Лена 10:19 08-02-2016
Если свои влагалищные выделение попали в кровь к себе возможно ли инфицирование вич кандай адаидарда жалпы болады тек вич статусы бар адамдардаиа алде былай адамдарда да болама
 17-02-2016    Ответ
Здравствуйте Лена. Спасибо за вопрос: 1) Влагалищные выделения никак не могут попасть в кровь. 2) ВИЧ могут заразиться те люди, у которых были половые контакты с ВИЧ инфицированным человеком без средств индивидуальной защиты (презерватив).


Сұрақ     Жасулан Абишев 03:11 27-01-2016
1. Зертханаға АИТВ-на тапсырылған анализдің қорытындысы неше күнде шығады? 2. Тағы қандай анализдер тапсыруға болады?
 27-01-2016    Ответ
Саламатсызба Жасулан. Қойған сұрағыңызға жауап бере отырып: 1. Анализ қорытындысы бір күнде шығады, яғни "теріс" болса ертесіне шығады. 2. Вирус гепатиттеріне, жыныс арқылы берілетін инфекциялар түрлеріне, гормондар, биохимия және клиника анализдерін анықтаймыз.


Сұрақ     Марина Асанова 16:38 25-12-2015
АИТВ жұқпасы анықталған жағдайда АИТВ жұқтұрған адаммен қандай жұмыстар жүргізіледі?
 28-12-2015    Ответ
Республикалық ЖИТС орталығынан АИТВ жұқпасының қорытындысы алынғаннан кейін төмендегідей жұмыстар жүргізіледі: 1.АИТВ жұқпасын жұқтырған адам Облыстық ЖИТС орталығына шақырылады. 2.АИТВ жұқпасын жұқтырған адам анализ қорытындысымен таныстырылады. 3.Психоәлуметтік кеңес жүргізіледі. 4.Психологиялық көмек көрсетіледі. 5.АИТВ жұқпасы жайлы білім деңгейі сұрастырылып, егер білмеген жағдайда АИТВ жұқпасы не екені, жұғу жолдары, қандай жағдайда жұқтыруға болмайтыны туралы толық мағлұмат беріледі. 6. Соңғы 5 жылды донорлыққа қатысуы, яғни донор болып қан тапсырғаны немесе қан реципиенті болып қан құйылғандығы, медициналық және медициналық емес манипуляциялар туралы мәліметтері, есірткіні инъекциялық жолмен қолдану тәжірбиесі, коммерциялық секс көрсетуі, жыныстық қатынаста қандай адамдармен болуы, бостандығынан айыру орындарында болуы, соңғы 12 айда ЖЖБИ симптомдарының болуы, апаттық ахуалдар жағдайы, Қазақстан Республикасынан шет мемелекеттерге шығуы сұрастырылады. 7. Егерде жыныстық қатынаста, инъекциялық есірткі қолдануда болған адамдары белгілі болған жағдайда, оларды да АИТВ жұқпасына тексерілуі қажет екені айтылады және ол адамдар АИТВ жұқпасына тексерілуге шақырылады. 8. АИТВ жұқпасын басқа адамдарға әдейі жұқтыруға болмайтыны жөнінде АИТВ- тасымалдаушысынан қолхат алынады, егерде ауру жағдайын біле тұра басқа адамға жұқтырған жағдайда заң алдында жауап беретіндігі және жыныстық қатынасқа түскен кезде сақтандыру құралдарын пайдалану қажет екені ескертіледі. Жауап берген дәрігер эпидемиолог Кемазанова Алмагүл Черимханқызы.


Сұрақ     Куаныш 16:25 27-11-2015
Саламатсызба. Сұрақ: ВИЧ ауруына шалдыққан адамдар кайда есепте тұрады? Оларды кім емдейді? Емі барма?
 27-11-2015    Ответ
ЖИТС ауруына шалдыққан адамдар ЖИТС орталығында есепте тұрады. Бұл адамдар орталықта толық диспансерлік бақылауда болады, яғни иммундық жуйесинің жағдайын және вирустық жуктемесін тексеріліп тұруы қажет. Бұл анализдер осы орталықтан алынып Алматы және Ақтобе қаласына жіберіледі. Осы ауруға шалдыққан әр адам жергілікті мекен жайы бойынша мамандандырылған ауруханада, емханада толық емделуге құқы бар. Қазіргі таңда бұл аурудың емі табылған жоқ, деседе орталықта осы адамдардың өмір жасын ұзартып, вирустың бір қалыпты деңгейде ұстап әрі қарай кобеймеуіне кедергі болатын дәрі дәрмектер бар. Олар тек орталықтын тапсырысы бойынша республика бюджетінен қаралған. Кез келген дәріханаларда бұл препараттар сатылмайды. Өйткені бір адамға емдеу үшін бір жылға шамамен – 2 миллион жұмсалады. Жауап берген диспансер бөлімінің меңгерушісі Жиенғалиева Әлия Төлемисқызы.


Сұрақ     Гулбаршын Асанова 10:30 17-11-2015
Саламатсыздарма. Менің сұрағым. Теріс нәтиже кезінде нені білген маңызды?
 17-11-2015    Ответ
Саламатсызба. Қойған сұрағыңызға жауап бере отырып, АИТВ-ның адам ағзаға енуінен бастап ИФТ көмегімен АИТВ анықталуы мүмкін сәтке дейінгі кезде, біршама уақыт өтуі тиіс. ИФТ вирустың көбеюіне қарай өсетін, дене қарсылығының белгілі бір мөлшері болған кезде ғана вирусты анықтауы мүмкін. Адамдардың көпшілігінде бұл мерзім жұқтырылған кезден бастап үш ай қаралады. Вирус сирек жағдайда аз ғана 25-күннен бастап созылады, не керісінше жұқтырылғаннан кейін алты айға созылады. АИТВ-ға дене қарсылығы ИФТ-ның көмегімен анықталмаған кезегі уақыт аралығы "терезе кезеңі" деп аталады. "Терезе кезеңінің" қауіптілігі, АИТВ-инфекциясына тексерілудің ерекшелігін білместен және АИТВ-ға тестінің теріс нәтижесін алғаннан соң, адам осыны саналы түрде сөзінбестен, тәуекелді мінез-құлқын іске асыру арқасында, сөйтіп вирусын басқа да адамдарға беруі мүмкін. Жауап берген: Директордың орынбасары Тасбулатова Ақнұр Ханайқызы.


Сұрақ     Көмекбай Сәрсенбаев 15:40 16-11-2015
АИТВ-ға тестінің теріс нәтижесі нені білдіреді?
 16-11-2015    Ответ
АИТВ-инфекциясының зертханалық диагностикасының стандарттық ем-шарасы дене қарсылығы мен АИТВ-ға қанның иммунды-ферметтік талдамасынан (ИФТ) басталады. АИТВ-ға дене қарсылығы - бұл адамның иммундық жүйесінің қандағы вирусқа арнайы жауабы. Тестінің теріс нәтижесі, сіздің қаныңызға АИТВ-ға дене қарсылығы анықталмағанын білдіреді.


Сұрақ     Актолкын 14:33 16-11-2015
Саламатсызба. Сізден сұрайтыным СПИД тұрмыстық жағдайда төсек-орын, ыдыс аяқ арқылы жұғады ма?
 16-11-2015    Ответ
Саламатсызба. Қойған сұрағыңызға жауап бере отырып, жоқ жұқпайды. АИТВ инфекциясы берілуінің үш жолы бар: 1.Қорғалмаған (мүшеқапсыз) жыныстық қатынасын жасау арқылы: - анальды, - қынапты, - оральды. 2.Қанмен қатынас жасау арқылы: - шприцтерді, инелерді және басқа да инъекциялық құралдарды бірлесіп пайдалану, - татировка және пирсинг жасау үшін залалсыздандырылмаған не бір реттік қолданыстағы емес құралдарды пайдалану, - бөтен адам қанының көзге көрінетіндей қалдығы қалған ұстара құралын не манюкерлік құралын пайдалану. 3.АИТВ-оң нәтижелі анадан балаға: - жүктілігі, босану және сәбиін емшектен емізуі кезінде. Алдын-алу бөлімінің меңгерушісі Шаданова Данагүл Жеңісқызы.


Сұрақ     Шынгыс Тогаев 16:11 26-10-2015
Қайырлы күн результаттардын дубликатын кай жерден алып кетеді және бағасы қанша тұрады екен?
 28-10-2015    Ответ
Егер біздің ЖИТС орталығында тапсырсаңыз, онда 2 қабат 201 кабинеттен ала аласыз. Дубликат 3 айдың ішіндегі анализге ғана көшірме беріледі. Касса арқылы бағасы 450 теңге тұрады. Ал басқа емдеу сауықтыру мекемелерінде АИТВ – инфекциясына тапсырсаңыз, көшірмені біздің ЖИТС орталығының лабораториясынан аласыз. Көшірме алу 450 теңге тұрады.


Сұрақ     Карина 08:58 08-10-2015
Здравствуйте! Хотела поблагодарить специалистов центра за оказанную консультацию. Было очень непонятное состояние. Я получила очень понятную и доступную информацию. Работают компетентные и профессиональные люди! Особая благодарность заместителю директора Тасбулатовой А. Ну и вопрос. На сайте не нашла информацию о ценах на оказываемые услуги?
 09-10-2015    Ответ
Здравствуйте Карина. Спасибо за благодарность. Мы искренне рады. А цены прямо на сайте antispid.kz на блогах "Услуги". Можете там посмотреть цены.


Сұрақ     Корган Батыров 12:53 01-09-2015
Осында сұрақ қоймасқа амал жоқ. Телефонға жауап беріп отырған адам білмейді қанша деп сұрасам.
 17-11-2015    Ответ
Саламатсызба. Сұрақтарыңызды қоя беріңіз жауап береміз.


Сұрақ     Дана Жусупова 08:56 28-11-2013
Здоровый на вид человек может быть ВИЧ-инфицированным?
 24-02-2015    Ответ
Здоровый на вид человек может быть ВИЧ-инфицированным; Взглянув на человека внешне невозможно определить его ВИЧ статус. Инфицированность человека можно определить с помощью сдачи крови на ВИЧ инфекцию.


Сұрақ     Алия Жуманова 08:46 28-11-2013
Каким образом проводится обследования на ВИЧ-инфекцию на базе центра СПИД?
 28-11-2013    Ответ
Обследование на ВИЧ-инфекцию проводится в лаборатории центра СПИД методом ИФА; Перед обследованием проводится до тестовое консультирование в кабинете психо-социального консультирования. После получения результата на ВИЧ инфекцию проводится после тестовое консультирование.


Сұрақ     Алибек Ильясов 00:14 10-12-2012
СПИД лечится?
 24-02-2015    Ответ
К сожалению, нет


Біздің вакансиялар

Қысқаша  мәлімет
 
     1988 жылы Облыстық қан құю станциясының базасында жұқтырылған иммун тапшылығы синдромын зерттеу зертханасы ашылды және иммуноферментті анализатормен (ИФТ) қамтамасыз етілді. 1991 жылы Маңғыстау облысы әкімдігінің шешімі бойынша "жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-ЖИТС орталығы) құрылды.)
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жұқтырылған қорғаныс тапшылығы вирусы жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы» мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 01 қазандағы № 240 бұйрығымен «Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау областық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып өзгерді.
«ЖИТС-тың  алдын  алу  және  оған қарсы  күрес жөніндегі  Маңғыстау  облыстық орталығы» ШЖҚ МКК қызметі 18.09.2009 ж. №193-IVҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін және ҚР Үкіметінің  2016 жылғы 16 наурыздағы  №143 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық  сақтау  саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық»  Мемлекеттік  бағдарламасын іске  асырудың   іс-шаралар Жоспарын,  сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының арнайы сессиясында  қабылданған АИТВ-инфекциясына қарсы күрес ісіне бейілділігі туралы Декларацияны  іске  асыруға  бағытталған.
Жұмыс жылдық жоспарға сәйкес клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ және СР 23.06.2015 ж. № 508 бұйрығына және жылдық жоспарға сәйкес орындалады.
ЖИТС МОО мамандарымен облыс тұрғындары арасында алдын алу  және індетке  қарсы іс-шаралар жүргізілуде. ЖИТС ОО базасында СП (сенім пункті) кабинеті жұмыс жасайды, онда «Теңбе-тең» қағидаты бойынша халықтың осал топтары (СҚ – секс қызметкері, ИЕТ – инъекциялық есірткі  тұтынушылар, ЕЖЕ -ерлермен ерлер арасындағы жыныстық қатынас) қатарынан волонтерлер мен аутрич-қызметшілер және оқытылған медбикесі бар «Газель» маркалы автомашинада жылжымалы сенім пункті тартылады..
       Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 08 тамыздағы № 118 қаулысына сәйкес «Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы» ШЖҚ МККатауы «Маңғыстау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып өзгертілді.

                                                                 
Орталықтың мақсаты:


1) Өңірде адамның иммун тапшылығы вирусына (бұдан әрі - АИТВ-инфекциясы) эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;
2) АИТВ инфекциясының және жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының (бұдан әрі-ЖИТС) алдын алу, диагностикалау және емдеу жөніндегі іс – шараларды ұйымдастыру және үйлестіру);
3) АИТВ және ЖИТС-ның қауымдастырылған ауруларының зертханалық диагностикасын ұйымдастыру және жүргізу;
4) АИТВ инфекциясын жұқтырғандарға диспансерлеу және медициналық көмек көрсету, байланыстан кейінгі ретровирусқа қарсы профилактика жүргізу;
 
 

Мекеме жаңалықтары

Фотогалерея

Показатели по области за 2024

31

Выявлено граждан РК

3

Выявлено иностранцы

79
%

Мужчины

20.6
%

Женщины

Информация об ОСМС