Біздің сайтқа қош келдіңіздер


Жұмыс кестесі

Пон. - Пят. : 08:30 - 16:42

Анализ қортындылары

Пон. - Пят. : 14:00 - 16:00

Сенім тұтқасы

8/705/689-67-86

Анықтама

8/7292/30-10-05
Мекен-жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 3 ш/а., 170 ғимарат.
Е-mail: spid_aktau@mail.ru
Телефон: +7 (7292) 30-10-40

Всего зарегистрировано случаев ВИЧ за

 9 месяцев 2025г.:

41

29(70,7)%


Мужчин

12 (29,3) %


Женщин

По возрастным группам:

0 - 14 1(2,4)
15-19 2(4,9)
20-29 6(14.6%)
30-39 20(48.8%)
40-49 5(12,2%)
50-59 5(12.2%)
60 > 2(4.9%) 

По путям передачи:

Гетеро-сексуальный 34 (82.9) %
Гомо-сексуальный 4 (9.8)%
При употреблении инъекционных наркотиков 2 (4.9)%
От матери к ребенку 0%
Остальные в том числе неустановленные 1 (2.4)%

Басшы блогы

Өмірбаян

Саралтаев Бердібек Қуантқанұлы
Конкурстық комиссияның шешімі негізінде Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен 2026 жылғы 26 қаңтардан бастап Саралтаев Бердібек Қуантқанұлы Маңғыстау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры лауазымына тағайындалды.
 
2006 жылы Бердібек Қуантқанұлы М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын «дәрігер-гигиенист-эпидемиолог» мамандығы бойынша аяқтады.
2016 жылы М. Нарикбаев атындағы университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
2019 жылы Чех Республикасының білім беру бағдарламасы аясында «Бизнес-менеджмент» бағыты бойынша магистр дәрежесін алды.
 
Жалпы еңбек өтілі — 20 жыл.
 
Еңбек жолын 2006 жылы Жаңаөзен қалалық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында бас маман қызметінен бастады.
2008–2009 жылдары Мұнайлы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының эпидемиология бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2009 жылы Ақтау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының эпидемиология бөлімінде бас маман қызметін атқарды.
2009–2011 жылдары Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аса қауіпті және карантиндік инфекцияларды бақылау бөлімінің бас маманы болды.
2011–2018 жылдары Түпқараған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасын басқарды.
2018–2022 жылдары Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті және карантиндік инфекцияларды қадағалау бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2022–2025 жылдары Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2025 жылғы 6 наурыздан АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры лауазымына тағайындалғанға дейін Маңғыстау көпбейінді облыстық ауруханасы директорының ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
 
Коронавирустық инфекциямен күрес кезеңінде Саралтаев Бердібек Қуантқанұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Халық алғысы» нагруд белгісімен, сондай-ақ облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Сұрақ қою

Біздің вакансиялар

Қысқаша  мәлімет
 
           1988 жылы Облыстық қан құю станциясының базасында жұқтырылған иммун тапшылығы синдромын зерттеу зертханасы ашылды және иммуноферментті анализатормен (ИФТ) қамтамасыз етілді. 1991 жылы Маңғыстау облысы әкімдігінің шешімі бойынша "Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы" мемлекеттік мекемесі құрылды.
           Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жұқтырылған қорғаныс тапшылығы вирусы жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы» мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 01 қазандағы № 240 қаулысына сәйкес «Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау областық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып өзгерді.
          2023 жылғы 08 тамыздағы №118 қаулысына сәйкес мекеме «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын «Маңғыстау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» болып қайта аталды.
          Орталықтың қызметі Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 07 шілдедегі №360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының АИТВ-инфекциясымен күрес жөніндегі декларациясына сәйкес жүзеге асырылады.
          Орталық жұмысы ҚР ДСМ-нің қолданыстағы бұйрықтарына сәйкес жүргізіледі, соның ішінде:
            •   №174 (30.10.2020 ж.) – скрининг жүргізу қағидалары
            •   №204 (25.11.2020 ж.) – ерікті тестілеу
            •   №211 (27.11.2020 ж.) – міндетті құпия тестілеу
            •   №107 (15.10.2025 ж.) – АИТВ бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру стандарты

          Мамандар облыс тұрғындары арасында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізеді.
          Орталық базасында «Сенім пункті» жұмыс істейді, онда еріктілер мен аутрич-қызметкерлер «тең-теңімен» қағидаты бойынша қызмет атқарады. Сонымен қатар, арнайы жабдықталған жылжымалы сенім пункті (Газель автокөлігі) жұмыс істейді.
                                                   
         Орталықтың қызметінің негізгі мақсаттары:

   
         1.   Аймақта АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық қадағалау жүргізу;
         2.   АИТВ және ЖИТС бойынша профилактика, диагностика және емдеуіс-шараларын ұйымдастыру және үйлестіру;
         3.   АИТВ және ЖИТС-қа байланысты ауруларға зертханалық диагностика жүргізу;
         4.   АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды диспансерлік бақылау және медициналық көмек көрсету, сондай-ақ постконтактілік профилактика жүргізу.

 

Мекеме жаңалықтары

Фотогалерея

Показатели по области за  9 месяцев 2025

41

Выявлено граждан РК

10

Выявлено иностранцы

71
%

Мужчины

29.3
%

Женщины

Информация об ОСМС