Біздің сайтқа қош келдіңіздер


Жұмыс кестесі

Пон. - Пят. : 08:30 - 16:42

Анализ қортындылары

Пон. - Пят. : 14:00 - 16:00

Сенім тұтқасы

8/705/689-67-86

Анықтама

8/7292/30-10-05
Мекен-жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 3 ш/а., 170 ғимарат.
Е-mail: spid_aktau@mail.ru
Телефон: +7 (7292) 30-10-40

Ұйымдастыру әдістемелік жұмыс және компьютерлік қамтамасыз ету бөлімі:

 Ұйымдастыру әдістемелік жұмыс және компьютерлік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі 2025 жылдың желтоқсан айынан бастап облыстық АИТВ - инфекциясы орталығында Орынғалиева Ақдидар Ісемғалиқызы болып табылады.
 
Оның  міндеттеріне  мыналар кіреді:
1.Ұйым бөлімшелерінің өзіндік процестері  мен  емшараларын бағалау, медициналық  көмек  сапасын бағалау  индикаторларын, денсаулық  сақтау саласының стандарттарын  енгізу  жөніндегі  қызметінің  тиімділігіне талдау  жүргізу.  
2. Ішкі  аурулық  комиссиялар қызметіне  талдау  жүргізу.
3. Ұйымның  басшылығына басқарушылық  шешімдерді қабылдауы  үшін, талдау  нәтижесінде   анықталған проблемалар  туралы ақпарат ұсыну.
4. Ұйымның  персоналына  медициналық  көмектің  сапасын қамтамасыз   ету  мәселелері бойынша оқыту жүргізу  және әдістемелік   көмек   көрсету.  
5. Ұйымның өзінде  қызметкерлердің  пікірін зерделеу және сапаны жақсарту және ұйымдағы  пациенттердің қауіпсіздігін  қамтамасыз   ету  жөніндегі  шаралар  туралы   персоналды  хабардар   ету.
6. ЖИТС МОО-да медициналық  көмек сапасын басқару жөніндегі бағдарламалардың  тиімділігін  бағалау критерийлерін  әзірлеу  және  енгізу.
7. Денсаулық  сақтау  саласындағы стандартарға сәйкестілігі  мәніне  бағалау  процестерін  жүргізу.
8. Өткізілген  осылардағы емдеу- диагностикалық   іс-шараларының белгіленген  стандарттарға  сәйкестілігі  мәніне аудит жүйесін – жан-жақты ретроспективті талдауды  енгізу.
9. Қызметін  талдау  нәтижелері мен медициналық  көмектің  сапасы  мен  тиімділігін  арттыруға   ықпал   ететін, жұмысындағы ақаулықтарды  ескертуге  және жоюға бағытталған  іс-шараларды   әзірлеу.
10. Басқару  жүйесі мен медициналық  көмек   көрсету  тәртібін  жетілдіру жөнінде ұсыныстар  енгізу.
11. Медициналық  көмектің  сапасын  жақсартуға қатысушы  қызметкерлерді   көтермелеу немесе пациенттің  денсаулығына зиян  келтіретін немесе  медициналық  көмектің  сапасына  теріс  әсер   ететін, жүйелі  түрдегі  бұзушылықтар  мен   жағдайлар  анықталған  кезде тәртіптік   ықпал  ету шараларын қолдану жөнінде ұсыныстар  енгізу.
12. Өз жұмысында деонтология (парызтану)  қағидаттарын  сақтау.
13. Медициналық  көмек   көрсету тәртібін  бұзушылық  фактілерін  анықтау (пациенттің медициналық көмек   көрсету сапасына риза болмауы, пациенттің  медицина персоналының  тарапынан дөрекіліккее ұшырауы, медицина  персоналының  тегін  медициналық көмектің  кепілдік  берілген  көлемін  көрсету аясында   көрсетілетін  медициналық  қызметтер үшін   ақшалай қаражат бопсалау фактісіне ұшырауы).
14. Пациенттің  өтінішін мүмкін болатын  қысқа  мерзімде қарау  және  бес   күнтізбелік   күннен  кешіктірмей,  өтінішті қарау  нәтижелері бойынша   ақпарат  ұсыну.
 
Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс және компьютерлік қамтамасыз ету штаты:
- ҰӘЖ және компьютерлік қамтамасыз ету бөлімінің  меңгерушісі- А. Орынғалиева
- маман - Таңатарова Ж.Ә.
- инженер-бағдарламашы - О.Ә. Жұмағали 
- IT-маман - Р.Төреғалиев
 

Біздің вакансиялар

Қысқаша  мәлімет
 
           1988 жылы Облыстық қан құю станциясының базасында жұқтырылған иммун тапшылығы синдромын зерттеу зертханасы ашылды және иммуноферментті анализатормен (ИФТ) қамтамасыз етілді. 1991 жылы Маңғыстау облысы әкімдігінің шешімі бойынша "Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы" мемлекеттік мекемесі құрылды.
           Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жұқтырылған қорғаныс тапшылығы вирусы жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы» мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 01 қазандағы № 240 қаулысына сәйкес «Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау областық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып өзгерді.
          2023 жылғы 08 тамыздағы №118 қаулысына сәйкес мекеме «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын «Маңғыстау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» болып қайта аталды.
          Орталықтың қызметі Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 07 шілдедегі №360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының АИТВ-инфекциясымен күрес жөніндегі декларациясына сәйкес жүзеге асырылады.
          Орталық жұмысы ҚР ДСМ-нің қолданыстағы бұйрықтарына сәйкес жүргізіледі, соның ішінде:
            •   №174 (30.10.2020 ж.) – скрининг жүргізу қағидалары
            •   №204 (25.11.2020 ж.) – ерікті тестілеу
            •   №211 (27.11.2020 ж.) – міндетті құпия тестілеу
            •   №107 (15.10.2025 ж.) – АИТВ бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру стандарты

          Мамандар облыс тұрғындары арасында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізеді.
          Орталық базасында «Сенім пункті» жұмыс істейді, онда еріктілер мен аутрич-қызметкерлер «тең-теңімен» қағидаты бойынша қызмет атқарады. Сонымен қатар, арнайы жабдықталған жылжымалы сенім пункті (Газель автокөлігі) жұмыс істейді.
                                                   
         Орталықтың қызметінің негізгі мақсаттары:

   
         1.   Аймақта АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық қадағалау жүргізу;
         2.   АИТВ және ЖИТС бойынша профилактика, диагностика және емдеуіс-шараларын ұйымдастыру және үйлестіру;
         3.   АИТВ және ЖИТС-қа байланысты ауруларға зертханалық диагностика жүргізу;
         4.   АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды диспансерлік бақылау және медициналық көмек көрсету, сондай-ақ постконтактілік профилактика жүргізу.

 

Мекеме жаңалықтары

Фотогалерея

Показатели по области за  9 месяцев 2025

41

Выявлено граждан РК

10

Выявлено иностранцы

71
%

Мужчины

29.3
%

Женщины

Информация об ОСМС