Біздің сайтқа қош келдіңіздер


Жұмыс кестесі

Пон. - Пят. : 08:30 - 16:42

Анализ қортындылары

Пон. - Пят. : 14:00 - 16:00

Сенім тұтқасы

8/705/689-67-86

Анықтама

8/7292/30-10-05
Мекен-жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 3 ш/а., 170 ғимарат.
Е-mail: spid_aktau@mail.ru
Телефон: +7 (7292) 30-10-40

Емдеу-профилактикалық жұмыс және диспансерлеу бөлім меңгерушісі:

 

 

Бегнияз Гүлшара Сақтапқызы

Емдеу-алдын алу бөлімі Маңғыстау облысының "Маңғыстау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы" ШЖҚ МКК құрылымдық бөлімшесі болып табылады, директордың медициналық бөлім жөніндегі орынбасарына тікелей бағынады. Емдеу-алдын алу бөлімінің қызметі АИТВ ОО-ның бекітілген жұмыс жоспарларына сәйкес жүргізіледі және АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын науқастарға амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге, АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға диспансерлеуді және емдеуді жүргізуге бағытталған. Емдеу-алдын алу бөлімі өз қызметінде "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексін, салалық нормативтік құқықтық актілерді (бұдан әрі НҚА), "ересектер мен балалардағы АИТВ-инфекциясын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларын" 2023 жылғы "17" наурыздағы 180, АИТВ ОО Жарғысын, қолданыстағы бұйрықтарды басшылыққа алады және АИТВ ОО жұмыс тәртібін регламенттейтін басқа да құжаттармен қамтамасыз етеді. АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын науқастарға амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуді ұйымдастыру және көрсету, АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға диспансерлеуді және емдеуді жүргізу. Пенитенциарлық мекемелерде АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын науқастарды бақылау және емдеу, диспансерлеуді жүргізу және олардың АРВТ қамтамасыз ету АИТВ жұқтырған адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне медициналық-психологиялық көмек көрсету. АИТВ-инфекциясының тік берілу жолының алдын алу бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу; АИТВ-инфекциясы бар ересектер мен балаларда оппортунистік аурулардың (пневмоцисттік пневмония және токсоплазмоз) профилактикасын жүргізу және амбулаториялық жағдайларда жекелеген оппортунистік ауруларды (герпетикалық инфекция, токсоплазмоз және кандидоз) қолдау терапиясы; АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын адамдарға құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету; Медициналық-әлеуметтік сараптамаға науқастардың құжаттарын ресімдеу; АИТВ ға тест тапсырар алдында пациенттерге психоәлеуметтік кеңес беру; Ведомстволардың медициналық ұйымдары мен медициналық қызметтеріне профилактика, диагностика, психоәлеуметтік кеңес беру, байланыстан кейінгі профилактика (ПКП) мәселелері бойынша практикалық және консультациялық көмек көрсету.

Бөлім штаттары:

1. Бөлім меңгерушісі Г.С.Бегнияз
2. Жұқпалы аурулар дәрігері Қадырғалиева Г.Ғ.
3. Жұқпалы аурулар дәрігері Абраева А. Д.
4. Дерматолог-дәрігер Д. Б. Чотбаева
5. Дәрігер-эпидемиолог А. Ч. Кемазанова
6. Дәрігер-фтизиатр А. Ж. Тулемисова
7. Провизор Жұбанышқалиева Р. Г.
8. Аға медбике Урбисинова Т. Б.
9. Әлеуметтік қызметкер Байсмакова Г. Ж.
10. Психолог Танатарова А. А.
11. Медбике Ізмағамбетова Г. Т.
12. МҮ медбикесі Айтуарова М. А.
13. Медбике Ерекенова Р. У.
14. Медбике Т. И. Бақтыбаева
15. Медбике Сатова О. Ж.
16. Медбике Ережепова С. К.
17. Процедуралық м / с Анетова Г. С.
18. Процедуралық м / с Қожамқұлова В. Ш.
19. Санитар Джугинисова А.
20. Санитар К. Сүлейменова





 

Біздің вакансиялар

Қысқаша  мәлімет
 
           1988 жылы Облыстық қан құю станциясының базасында жұқтырылған иммун тапшылығы синдромын зерттеу зертханасы ашылды және иммуноферментті анализатормен (ИФТ) қамтамасыз етілді. 1991 жылы Маңғыстау облысы әкімдігінің шешімі бойынша "Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы" мемлекеттік мекемесі құрылды.
           Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жұқтырылған қорғаныс тапшылығы вирусы жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы» мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 01 қазандағы № 240 қаулысына сәйкес «Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау областық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып өзгерді.
          2023 жылғы 08 тамыздағы №118 қаулысына сәйкес мекеме «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын «Маңғыстау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» болып қайта аталды.
          Орталықтың қызметі Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 07 шілдедегі №360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының АИТВ-инфекциясымен күрес жөніндегі декларациясына сәйкес жүзеге асырылады.
          Орталық жұмысы ҚР ДСМ-нің қолданыстағы бұйрықтарына сәйкес жүргізіледі, соның ішінде:
            •   №174 (30.10.2020 ж.) – скрининг жүргізу қағидалары
            •   №204 (25.11.2020 ж.) – ерікті тестілеу
            •   №211 (27.11.2020 ж.) – міндетті құпия тестілеу
            •   №107 (15.10.2025 ж.) – АИТВ бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру стандарты

          Мамандар облыс тұрғындары арасында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізеді.
          Орталық базасында «Сенім пункті» жұмыс істейді, онда еріктілер мен аутрич-қызметкерлер «тең-теңімен» қағидаты бойынша қызмет атқарады. Сонымен қатар, арнайы жабдықталған жылжымалы сенім пункті (Газель автокөлігі) жұмыс істейді.
                                                   
         Орталықтың қызметінің негізгі мақсаттары:

   
         1.   Аймақта АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық қадағалау жүргізу;
         2.   АИТВ және ЖИТС бойынша профилактика, диагностика және емдеуіс-шараларын ұйымдастыру және үйлестіру;
         3.   АИТВ және ЖИТС-қа байланысты ауруларға зертханалық диагностика жүргізу;
         4.   АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды диспансерлік бақылау және медициналық көмек көрсету, сондай-ақ постконтактілік профилактика жүргізу.

 

Мекеме жаңалықтары

Фотогалерея

Показатели по области за  9 месяцев 2025

41

Выявлено граждан РК

10

Выявлено иностранцы

71
%

Мужчины

29.3
%

Женщины

Информация об ОСМС