ПРЕСС РЕЛИЗ
1 желтоқсан Дүниежүзілік жұқтырылған иммун тапшылығы синдромына қарсы күрес күні
ПРЕСС РЕЛИЗ
1 желтоқсан Дүниежүзілік жұқтырылған иммун тапшылығы синдромына қарсы күрес күні
Маңғыстау облысында 2023 жылғы 20 қараша мен 1 желтоқсан аралығында
«Көшбасшылық – қауымдастықтарға» ұранымен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған науқан өткізілуде.
Науқанның мақсаты-халықты АИТВ-инфекциясының алдын алу шаралары туралы хабардар ету, денсаулықты сақтайтын мінез-құлықты қалыптастыру.
Маңғыстау облысында 2023 жылдың 10 айында АИТВ-инфекциясының 55 жағдайы тіркелді. 2022 жылдың осы кезеңінде АИТВ-инфекциясының 67 жағдайы тіркелді. Қазақстан Республикасының азаматтары арасында аурушаңдық деңгейі 12 жағдайға төмендеді.
Дүниежүзілік ЖИТС-на қарсы күрес күніне орай іс шара-76 мекемеде өткізіліп, 4710 адам қамтылды, 819 адам жедел тестен өтті. Сонымен қатар, радиода, теледидарда сұхбат және брифинг өткізілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша алдын алу – АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмаудың ең жақсы әдісі деп айта аламын – деп атап өтті АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры Асқар Әлімжанұлы.
АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау мақсатына жету үшін: АИТВ-мен өмір сүретін барлық адамдардың 95%-ы өздерінің мәртебесін білуі керек, олардың 95%-ы өмірлік маңызды антиретровирустық терапияны алуы керек, ал АИТВ-мен емделетін адамдардың 95%-ы вирустық жүктемені басуға қол жеткізуі керек, бұл олардың денсаулығын жақсартуға және АИТВ-ның одан әрі берілуін төмендетуге көмектеседі.
Облыстық АИТВ инфекциясының алдын-алу орталығы үкіметтік емес ұйым «Әсер» қоғамдық бірлестігі, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесе осы іс-шараларды жүзеге асыруда.
Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде, Ішкі істер органдары саласында, қылмыстық атқару жүйелері мекемелерінде, адамдардың көп шоғырланған жерлері: орталық базарларда, ірі сауда орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталығы мен вокзалдарда, медициналық мекемелерде, жоғарғы және орта оқу орындарында, жалпы білім беру оқу орындарында, осал топтар арасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқанына АИТВ инфекциясының алдын-алу шаралары туралы дәрістер оқылып, тренинг, семинар, дөңгелек стол, ашық есік күндері, дебатттар, бейнеролик конкурстары, сурет конкурстары өткізіліп, ақпараттық білім материалдары таратылуда, сауалнама жүргізу арқылы АИТВ-жұқпасы жөнінде хабардарлығы, білім деңгейлері бағалануда.
Аталған нысандардың барлығына «Өз мәртебеңді біл» «Тестілеуден өтіңіз» ұранымен челленждер жіберіліп, АИТВ-инфекциясына жедел-тест ұйымдастырылуда.
Аймақтық, республикалық баспаларға мақалалар берілді, барлық атқарылған жұмыстар екі тілде фотоотчетпен әлеуметтік желілерге салынды.
Облыстық АИТВ инфекциясының алдын-алу орталығымен 23 қараша 2023 жылы Дүниежүзілік ЖИТС-ке күрес күніне орай
«Көшбасшылық –қауымдастықтарға» ұранымен АИТВ инфекциясының алдын-алу жандандыру мақсатында кең көлемді іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.
Маңғыстау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу
орталығы.
Ақтау қаласы, 3 шағын аудан, 170 ғимарат.
Орталықтың 50-40-49 сенім телефоны