| 401 | 20-05-2013 | №48 мақала. Өзіңді АИТВ-инфекциясынан қалай қорғану керек?
АИТВ тек адамнан адамға ғана беріледі. Жұқтырылған организмде вирус барлық органдар мен ұлпаларда болады, алайда ол қанында, еркектің ұрығында, әйелдің қынаптық бөлінуінде және емшек сүтінде шоғырланса, жұқтыру үшін жеткілікті болады.
| |
| 402 | 02-05-2013 | №46 мақала. Клиенттерді жеке есепке алудың деректер базасының жұмысын ұйымдастыру (КЖЕДБ.)
АИТВ/ЖИТС – осы аурумен 16-35-тен 40-45 жас аралығындағы жас ұрпақ шалдығуда. Үкіметіміз жас ұрпақтың денсаулығы мен мемлекеттің әлеуетін сақтауға мүдделі.
| |
| 403 | 29-04-2013 | №45 мақала. АИТВ/ЖИТС кезінде қатынастан кейінгі алдын алу. Негізгі ережелер.
Қатынастан кейінгі алдын алу (ҚКА), қызметтік міндеттерін атқару кезінде, жыныстық қатынас кезінде не басқа да жағдаяттар кезінде болатын жұқтыру ықтималдығынан кейінгі АИТВ жұқтыру қаупін төмендету мақсатында, антиретровирустық препараттарды қабылдаудың қысқаша курсы болып табылады.
| |
| 404 | 22-04-2013 | №41 мақала. АИТВ/ЖИТС бойынша жастар арасында алдын алу жұмыстары.
Алдын ала сауықтыру ісі – біз осы ауруға қарсы тұруда кең ауқымда қолданатын және халық тобына көмек бере алатын, бірден-бір қолжетімді әрі өте тиімді құрал. АИТВ-инфекциясы, халықтың еңбекке қабілетті бөлігін зақымдап, демографиялық көрсеткішіне (туудың төмендетуге, өлімді арттыруға) әсер етеді. | |
| 405 | 22-04-2013 | №42 мақала. Мектеп оқушылары арасында АИТВ/ЖИТС –тың алдын алу.
Жас адамдар АИТВ/ЖИТС індетінің орталығында болады. Олардың мінез-құлықтары, олардың құқықтарының қорғалу дәрежесі, сондай-ақ олардың алатын қызметі мен ақпараты, миллиондаған адамдардың өмір сүру сапасын анықтайды. | |
| 406 | 22-04-2013 | №44 мақала. Гомосексуализм және ЖИТС.
Дәрігерлер осы ауруды бастапқыда «гомосексуалистердің иммун тапшылығы» деп атады. Ешкім де ЖИТС-тен емделіп шыға алмады. Осы аурумен алғаш рет Лос-Анжелестен американ докторы Майкл Готтлиб ұшырасты деп ресми саналады. | |
| 407 | 20-03-2013 | №39 мақала. Адамның иммун тапшылығы вирусын зертханалық зерттеу алгоритмі
АИТВ белокты қабықша мен сыртқы қабықпен қорғалған, геномдық РНК-дан тұрады. Ол АИТВ-1, АИТВ-2, АИТВ-3 деген үш түрі болады. Қабықша белогы иммунды жауап туғызатын негізгі антиген болып табылады. Серологиялық диагностика вирустың қабықтық және жүрекше белоктарға дене қарсылығын ерекшелік анықтауға негізделген. | |
| 408 | 20-03-2013 | №40 мақала. ЖИТС симптомы және АИТВ –инфекциясын емдеу
ЖИТС – жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы, немесе АИТВ - адамның иммун тапшылығы вирусы, онкологиялық аурудан кейінгі ең күрделі ауру және қазіргі уақыттағы кезге ем қонбайтын ауру болып табылады.Қазіргі заманға сай медициналық құралдардың көмегімен ғана АИТВ бар адамның өмірін жеңілдетіп, ұзартуға болады. | |
| 409 | 19-03-2013 | №38 мақала. Маңғыстау облысының сотталғандар арасында АИТВ/ЖИТС бойынша алдын алу іс-шаралары
АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай:
01.01.2013 жылға ҚР-да өсіңкі қорытындымен 19748 АИТВ-жұқтырылған тіркелген, 100 мың халыққа шаққанда көрсеткіш 117,9 құрады. АИТВ –мен өмір сүретін адамдардың ең көп таралу көрсеткіші Ақматы қ.. (100 мың халыққа 3943 - 225,9), Павлодар облысында (1888-188,1), Қарағанды облысында (3544-166,7) байқалады. Маңғыстау облысында бұл көрсеткіш 125 жағдай – 20,6 құрайды. | |
| 410 | 13-02-2013 | №37 мақала. АИТВ және нашақорлық.
Егер бұрындары АИТВ-инфекциясының негізгі берілетін жолы жыныстық жол деп саналса, енді қазіргіуақытта, сондай-ақ вирустың тікелей қанға түсуі кезіндегі шприцті нашақорлық – «жаңа тәуекелді тобы» бірінші орынға шығып отыр, бұл - жұқтыру ықтималдылығы, сексуалды қатынас жасау кезіндегіден әлдеқайда жоғары деген сөз. | |
| 411 | 25-01-2013 | №32 мақала. АИТВ –инфекциясы кезіндегі оппортунистік ауру. Ерте балалық шағында ағзаға түскен қоздырғыш инфекциялар және дені сау иммунды жүйесі кезінде ағзаға зиян тигізбейтін, алайда иммун тапшылығы аясында елеулі ауру туғызатынды оппортунистік деп атайды. | |
| 412 | 25-01-2013 | №33 мақала. Достастық кабинетін ұйымдастыру. Достастық кабинеті жыныстық жолмен берілетін, АИТВ инфекциясы мен инфекциялар арқылы (инъекциялық есірткі тұтынушылар, коммерциялық секс қызметшілері, еркекпен жыныстық қатынас жасайтын еркектер) берілетін (ЖЖБЖ) халықтың осал топтары арасында таралу қауіпін азайту мақсатында құрылады. | |
| 413 | 25-01-2013 | №34 мақала. АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алу. Анандан балаға жүктілігі, босанған немесе емшекпен емізуі кезеңінде АИТВ –ның берілу жолы кең тараған күйінде қалуда. | |
| 414 | 25-01-2013 | №35 мақала . Балалар бойында АИТВ инфекциясының өтуі.
Балалар бойында АИТВ –инфеккциясы дүние жүзінің көптеген елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да өзекті болуда. | |
| 415 | 25-01-2013 | №36 мақала. АИТВ –мен өмір сүретін адамдардағы туберкулёз:
ЖИТС (а) -індетінің басталуы дүние жүзінде туберкулез оқиғасының өсуіне байланысты болып отыр, себебі АИТВ мен туберкулез бірімен бірі белсенді түрде өзара әрекеттеседі. Дәл сол және екінші инфекция ағзаның қарсы тұруын (иммунитетін) төмендетеді. Әсіресе иммундық мәртебесі төмендеген, АИТВ-сы бар адамдар, туберкулезге көбірек шалдығады. | |
| 416 | 15-01-2013 | №31 мақала. Инъекциялық есірткі тұтынушылар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу | |
| 417 | 03-01-2013 | №30 мақала. Ауылдық жердегі ПӘК | |
| 418 | 14-12-2012 | №24 мақала. 2011-2012 жылдың 11 айындағы ЖИТС –тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығының диагностикалық зертханасы қызметіне салыстырма
Талдау
Зертхана 18.12.2011 жылдан бері жалпы алаңы 270 шаршы метр болатын 3 қабатты ғимараттың 1-ші қабатында орналасқан. Пайдалы алаңы – 86,5 ш.м. Бөлмелер ҚР ДСМ 21.12. 1998 ж.«АИТВ –жұқпасының диагностикасы зертханасында эпидемиологияға қарсы режим жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес бөлінген. 10.01. 2012 жылғы № 13 «Зертханаларға және зертханадағы жұмыс жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға» сәйкес сумен жабдықтау (ыстық, салқын) канализация, электрмен жабдықтау орталықтандырылған. | |
| 419 | 14-12-2012 | №25 мақала. ИТВ/ЖИТС-тен сақтан!
Отыз жылдың ішінде ауруға шалдыққандар саны 30,5 миллионнан асып кетті. Жылына 500 мыңнан астам адам көз жұмады. Ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы әлемде 40-50 миллионнан астам адам осы дерттен зардап шегеді. Көптеген әлеуметтік, экономикалық,медициналық проблемаларға орай АИТВ/ЖИТС-эпидемиясы тек ядролық апатпен салыстыруға болады. Сондықтан бұл індетке қарсы күресу жұмыстарын кешіктірілуі өте қатерлі екені баршамызға белгілі.
ВИЧ/АИТВ-Адамның иммун тапшылығы вирусы. АИТВ-сы хайуандардың,жәндіктердің ағзасындағы клеткаларда өмір сүре алмайды,өмір сүруі, көбеюуі үшін тек қана адам ағзасындағы клеткалар(жасушалар) қажет,сондықтан оны тарататын да,жұқтыратын да адам. АИТВ-сы қан,шаукет(сперма),қынап сұйықтықтарында және ана сүтінде өте қауіпті көлемде болады. | |
| 420 | 14-12-2012 | №26 мақала. Тестілеуге дейін және одан кейін консультация беру
АИТВ-ға дене қарсылығына тестілеу, өзінің денсаулығы мазалайтын не жұқтырып алу мүмкін, кез келген адамға қолжетімді болуға тиіс. Тестілеуден, венериялық ауруы бар не есірткі препаратын көктамырға енгізіп тұтынатын, сондай-ақ жыныстық қатынас жасау серіктестігі бар адамдар, тәуекелдігіне ұшыраймыз деп санаса өтуге тиіс. Ерікті тестілеу анонимді және құпиялы болып табылады. Дене қарсылығының болуына тестілеуден өту, оған дейінгі және одан кейінгі консультация алу арқылы ғана өткізілуге тиіс. Бұл – пациенттің ақпараттық келісімін, тестілеу мен оның маңызы туралы құпиялы және айқын ақпаратқа кепілдік береді. | |