Біздің сайтқа қош келдіңіздер


Жұмыс кестесі

Пон. - Пят. : 08:30 - 16:42

Анализ қортындылары

Пон. - Пят. : 14:00 - 16:00

Сенім тұтқасы

8/705/689-67-86

Анықтама

8/7292/30-10-05
Мекен-жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 3 ш/а., 170 ғимарат.
Е-mail: spid_aktau@mail.ru
Телефон: +7 (7292) 30-10-40

450 жазбадан 441-450 аралығы көрсетілген.
#КүнАтауыФайл
44126-09-2012№2 мақала. «Адам ауырғысы келгеннен емес, аурудан қалай қорғануды білмегендіктен ауырады» Бұл ағартушылық айдар. Біз мақалалардың жаңа тізбегін бастаймыз, онда сіздерге құрметті оқырмандар, ЖИТС туралы, жұқпаның даму тарихы, берілу жолдары туралы, жеке қауіпсіздік шаралары, еліміздегі және әлемдегі жағдайы туралы барлығын әңгімелейтін боламыз.
44226-09-2012№4 мақала. АИТВ және жүктілік Бүгінгі күнге медицинаАИТВ –ның анадан балаға берілун болдырмау секілді көптеген жайттарды біледі. АИТВ-сі оң әйелдер осыны жұқтырмаған бала туа алады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша ешқандай араласуынсыз, АИТВН-нің анадан балаға берілуінің тәуекелдігі 20-45% құрайды. Алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде, осынау тәуекелді ең кем дегенде 2% дейін азайтуға болады.
44326-09-2012№6 мақала. АИТВ –жұқпасы және оның алдын алу АИТВ-жұқпасы, өрт тәрізді қазіргі кезде барлық құрылықты шарпуда. Өте қысқа мерзім ішінде ол медицина үшін нөмірі бірінші проблемаға айналды. Негізгі ұғымдар: АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) – АИТВ-жұқпасы мен ЖИТС қоздырушы. АИТВ-жұқпасы –себебі АИТВ , ал түбінде ЖИТС болып табылатын, жұқпалы ауру. ЖИТС – жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы – бұл адамның иммун жүйесінің инфекцияның кез келген түріне қарсы тұруға қабілетсізге айналып зақымданатын, АИТВ-жұқпасының соңғы сатысы. Тіпті ең жеңіл деген кез- келген инфекция, ауыр ауруға және кісі өліміне әкелуге қабілетті.
44426-09-2012№7 мақала. Антиретровирус терапиясы Антиретровирус терапиясы (АРТ) – бұл АИТВ-жұқпасын емдеу үшін пайдаланылатын терапия, оның мақсаты – адамның иммун тапшылығы вирусының белсенділігін басып толық жою болып табылады. Қазіргі уақытта вирустың көбеюін тоқтататын және иммундық жүйенің қалпына келуіне мүмкіндік беретін препараттар бар. Олар 20-дан астам, бұл зидовудин, ламивудин, невирапин, стокрин және басқалары жиі қолданылады.
44526-09-2012№8 мақала. Облыстық перинаталды орталығының медициналық қызметкерлерін оқыту ЖИТС –тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Облыстық орталығының мамандары Облыстық перинаталды орталығының (ОПО) медициналық қызметкерлерін АИТВ/ЖИТС проблемалары бойынша оқытуды бастады, дәлірек айтқанда, берілу жолдарының алдын алу, ҚР-да, облыста эпидемиологиялық жағдай мәселелері, анадан балаға тікелей жұғуының алдын алу, «авариялық жағдай», «қатынастан кейінгі алдын алу» ұғымдары, АИТВ-жұқтырған әйелдердеде босандыруды жүргізу алгоритмі, медицина қызметкерлерін қорғаудың шаралары мен құралдары, парентералды жұқпамен, оның ішінде АИТВ- мен кәсіби жұқтырудың алдын алу мәселелері жазылып көрсетілді.
44626-09-2012№10 мақала. АИТВ (+) әйелдерден туған балалардағы АИТВ – жұқпасының диагностикасы АИТВ (+) әйелдерден туған балалар, АИТВ-ға дене қарсылығына серологиялық тестілердің нәтижесі бойынша оң болып табылады, себебі барлық балалардың қанында анасының дене қарсылығы болады, осылар АИТВ-дан айырмашылығы едәуір аз және плацентарлық кедергіден өте алдады. Дене қарсылығы АИТВ – жұқпасын тудырмайды.
44726-09-2012№12 мақала. АИТВ/ЖИТС және қоғам. Таңбалау және кемсіту. «Қазақстан Республикасы қазіргі уақытта індеттің шоғырланған сатысында тұр және індеттің халық арасында таралу деңгейі 0,18% аспайды, бұл – Шығыс Азия өңіріндегі орташа деңгейден бірнеше есе төмен. 2008 - 2010 жылдар аралығында АИТВ –жұқпасымен ауру 15% төмендеген», - делінген хабарламада. ЖИТС індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі эпидемияға қарсы жоспарлы түрде өткізілетін іс-шаралардың нәтижесінде, республикадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталынды деп атап көрсетілген.
44826-09-2012№13 мақала. ЖИТС ЖИТС жұқтырылған иммун тапшылығы синдормы деп ажыратылып оқылады.Бұл өз құрылымы бойынша жалғыз ауру емес, әртүрлі аурулармен, әдетте өліммен аяқталуы көрініс беретін синдром. Оның қоздырушысы адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ), ол қанның лейкоцитін зақымдайды және ағзаның инфекциялық және ісікті ауруларға қарсылығын күрт төмендетеді. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының бағалауы бойынша, дүние жүзіндегі миллиондаған еркектер мен әйелдер АИТВ жұқтырған және қазірдің өзінде жүздеген мыңы ЖИТС-тен өлген. Күн сайын АИТВ 5000 –нан астам, адамға, басым көпшілігі жастарға жұғады, және шамамен осыдан 20 жыл бұрын басталған, осы жаһандық індет, ұлттық және жаһандық деңгейдегі елеулі түрдегі күш-жігеріне қарамастан, бүкіл дүние жүзіне таралуы жалғасуда.
44909-09-2012№3 мақала. Жыныстық жолмен және АИТВ арқылы берілетін жұқпалар ЖЖБЖ (жыныстық жолмен берілетін жұқпалар) мен АИТВ ( адамның иммун тапшылығы вирусы) презервативсіз бір және сол жыныстық қатынас жасау нәтижесінде берілуі мүмкін. Сондықтан, АИТВ қоса алғанда, жыныстық жолмен берілетін кез-келген жұқпа анықталған кезінде, басқа да ЖЖБЖ-ға тексеріліп қарау ұсынылады.
45007-09-2012№11 мақала. АИТВ – жұқпасы кезінде психоәлеуметтік консультация беру Кез-келген адам АИТВ-ға дене қарсылығына тестілеу кезінде, тестіге дейін және тестіден кейін консультация алуға тиіс.Алайда, жүргізілген зерттеулерге сәйкес – бұл шын мәнінде олай емес. Адамдар көбінесе тестілеудің, сол тестінің алдында да, сонымен қатар одан кейін де консультация берумен сүйемелденуге тиіс екенін біле бермейді.

Біздің вакансиялар

Қысқаша  мәлімет
 
           1988 жылы Облыстық қан құю станциясының базасында жұқтырылған иммун тапшылығы синдромын зерттеу зертханасы ашылды және иммуноферментті анализатормен (ИФТ) қамтамасыз етілді. 1991 жылы Маңғыстау облысы әкімдігінің шешімі бойынша "Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы" мемлекеттік мекемесі құрылды.
           Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жұқтырылған қорғаныс тапшылығы вирусы жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы» мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 01 қазандағы № 240 қаулысына сәйкес «Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау областық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып өзгерді.
          2023 жылғы 08 тамыздағы №118 қаулысына сәйкес мекеме «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын «Маңғыстау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» болып қайта аталды.
          Орталықтың қызметі Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 07 шілдедегі №360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының АИТВ-инфекциясымен күрес жөніндегі декларациясына сәйкес жүзеге асырылады.
          Орталық жұмысы ҚР ДСМ-нің қолданыстағы бұйрықтарына сәйкес жүргізіледі, соның ішінде:
            •   №174 (30.10.2020 ж.) – скрининг жүргізу қағидалары
            •   №204 (25.11.2020 ж.) – ерікті тестілеу
            •   №211 (27.11.2020 ж.) – міндетті құпия тестілеу
            •   №107 (15.10.2025 ж.) – АИТВ бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру стандарты

          Мамандар облыс тұрғындары арасында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізеді.
          Орталық базасында «Сенім пункті» жұмыс істейді, онда еріктілер мен аутрич-қызметкерлер «тең-теңімен» қағидаты бойынша қызмет атқарады. Сонымен қатар, арнайы жабдықталған жылжымалы сенім пункті (Газель автокөлігі) жұмыс істейді.
                                                   
         Орталықтың қызметінің негізгі мақсаттары:

   
         1.   Аймақта АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық қадағалау жүргізу;
         2.   АИТВ және ЖИТС бойынша профилактика, диагностика және емдеуіс-шараларын ұйымдастыру және үйлестіру;
         3.   АИТВ және ЖИТС-қа байланысты ауруларға зертханалық диагностика жүргізу;
         4.   АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды диспансерлік бақылау және медициналық көмек көрсету, сондай-ақ постконтактілік профилактика жүргізу.

 

Мекеме жаңалықтары

Фотогалерея

Показатели по области за  9 месяцев 2025

41

Выявлено граждан РК

10

Выявлено иностранцы

71
%

Мужчины

29.3
%

Женщины

Информация об ОСМС