Маңғыстау облысы ЖИТС орталығының 25 жылдығына арналған «АИТВ-инфекциясының өзекті мәселелері» деген тақырыпта ғылыми – тәжірибелік конференция
АИТВ-инфекциясының проблемасы, жұртшылықтың денсаулық сақтау саласындағы аса маңызды басымдықты проблемаларының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы АИТВ-инфекциясымен сырқаттануы бойынша шоғырланым сатысында тұр, 100 мың тұрғын халыққа шаққанда АИТВ-мен (ВӨА) өмір сүретін адамдар арасында сырқаттанушылық көрсеткіші –105,6, 15-49 жастағы топтар арасындағы таралу көрсеткіші 0,2-0,6% критерийі жағдайында – 0,2 болып отыр.
АИТВ-инфекциясымен сырқаттану бойынша эпидемиологиялық ахуал салыстырмалы түрде қолайлы. АИТВ-инфекциясымен сырқаттануы бойынша Маңғыстау облысы бастапқы сатысында және 16 өңір арасында сырқаттану деңгейі бойынша 15 орында тұр. 100 мың тұрғын халыққа шаққанда АИТВ-мен (ВӨА) өмір сүретін адамдар арасында сырқаттанушылық көрсеткіші –19,0, 15-49 жастағы топтар арасындағы таралу көрсеткіші 0,05%критерийі жағдайында –.0,036% болып отыр.
Жасына қарай топтардың барлығы АИТВ-инфекциясына шалдыққан, дегенмен 20-39 жас тобында жиі тіркеледі, жұмыс істейтіндер арасында да, сонымен қатар жұмыссыздар арасында да кездеседі. Гендерлік құрамы бойынша әйелдерге қарағанда, ерлер арасында жиі кездеседі, оның арақатынасы 2:1.
Облыста АИТВ-инфекциясы бойынша ахуалдың қолайлығына қарамастан, ЖИТС Республикалық Орталығы мамандарының қатысуымен, өңірлердегі ЖИТС -тың облыстық орталықтары мамандарының тәжірибесі мен пікір алмасуы үшін «АИТВ-инфекциясының өзекті мәселелері» деген тақырыпта ғылыми – тәжірибелік конференция өткізу қажеттілігі туындады. Конференция 2016 жылғы 25 тамызда «Достар» қонақүй кешені базасында болып өтті.
Конференцияның ашылуына Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.Ғ.Нұрғазиева,облыстық білім басқармасының, ҚАЖКД өкілдері, БАҚ өкілдері: телевизия, радио және газет журналистері қатысты.
Конференцияға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марал Жұмабекқызы Қадыр, ЖИТС Республикалық орталығы бас директорының орынбасары Ирина Ивановна Петренко, медицина ғылымдарының докторы, ҚазМҰУ профессоры Жанна ЗиапеденовнаТрумова, еңбек ардагерлері, өңірлік облыстық ЖИТС орталықтарының басшылары, емдеу -алдын алу ұйымдарының басшылары қатысты. Конференцияда «ҚР-дағы және Маңғыстау облысындағы АИТВ бойынша эпидемиологиялық ахуал»деген тақырып көрініс тапты, бұл туралы ЖИТС РО бас директорының орынбасары Ирина Ивановна Петренкожәне Маңғыстау облысы ЖИТС ОО директорының орынбасары Ақнұр Ханайқызы Тасболатова баяндамалар жасады.
Ересектер мен балаларда АИТВ-инфекциясы кезінде АРТ бастауға қазіргі заманғы тәсілдер, Тәжірибеге енгізуге АРВ препараттарының жаңа кластары,АИТВ-инфекциясы кезінде қайталама ауруы,АИТВ жұқтырылғандарға көмек көрсетудегі медицина ұйымдарының рөлі, Тік АИТВ-трансмиссиясы,АИТВ –ның анадан балаға берілуінің проблемалары мен оны жою жөнінде қабылданған шаралардың жай-күйі, Ықпалдастырылған тәсіл (МСК/ОЗМиР/ЖИТС қызметтері) деген тақырыпта медицина ғылымдарының докторы, ҚазМҰУ профессоры Ж.З. Трумова баяндама жасады.
«Зертханалық қызметтегі сапа менеджмент жүйесі» деген тақырыпта ЖИТС РО референс зертханасының меңгерушісі Ғалия Хаджимұратқызы Тәжібаева баяндама жасады.
Маңғыстау облыстық ЖИТС орталығы