Біздің сайтқа қош келдіңіздер


Жұмыс кестесі

Пон. - Пят. : 08:30 - 16:42

Анализ қортындылары

Пон. - Пят. : 14:00 - 16:00

Сенім тұтқасы

8/705/689-67-86

Анықтама

8/7292/50-40-49
Мекен-жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 3 ш/а., 170 ғимарат.
Е-mail: spid_aktau@med.mail.kz
Телефон: +7 (7292) 50-73-62

431 жазбадан 401-420 аралығы көрсетілген.
#КүнАтауыФайл
40115-01-2013№31 мақала. Инъекциялық есірткі тұтынушылар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу
40203-01-2013№30 мақала. Ауылдық жердегі ПӘК
40314-12-2012№24 мақала. 2011-2012 жылдың 11 айындағы ЖИТС –тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығының диагностикалық зертханасы қызметіне салыстырма Талдау Зертхана 18.12.2011 жылдан бері жалпы алаңы 270 шаршы метр болатын 3 қабатты ғимараттың 1-ші қабатында орналасқан. Пайдалы алаңы – 86,5 ш.м. Бөлмелер ҚР ДСМ 21.12. 1998 ж.«АИТВ –жұқпасының диагностикасы зертханасында эпидемиологияға қарсы режим жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес бөлінген. 10.01. 2012 жылғы № 13 «Зертханаларға және зертханадағы жұмыс жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға» сәйкес сумен жабдықтау (ыстық, салқын) канализация, электрмен жабдықтау орталықтандырылған.
40414-12-2012№25 мақала. ИТВ/ЖИТС-тен сақтан! Отыз жылдың ішінде ауруға шалдыққандар саны 30,5 миллионнан асып кетті. Жылына 500 мыңнан астам адам көз жұмады. Ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы әлемде 40-50 миллионнан астам адам осы дерттен зардап шегеді. Көптеген әлеуметтік, экономикалық,медициналық проблемаларға орай АИТВ/ЖИТС-эпидемиясы тек ядролық апатпен салыстыруға болады. Сондықтан бұл індетке қарсы күресу жұмыстарын кешіктірілуі өте қатерлі екені баршамызға белгілі. ВИЧ/АИТВ-Адамның иммун тапшылығы вирусы. АИТВ-сы хайуандардың,жәндіктердің ағзасындағы клеткаларда өмір сүре алмайды,өмір сүруі, көбеюуі үшін тек қана адам ағзасындағы клеткалар(жасушалар) қажет,сондықтан оны тарататын да,жұқтыратын да адам. АИТВ-сы қан,шаукет(сперма),қынап сұйықтықтарында және ана сүтінде өте қауіпті көлемде болады.
40514-12-2012№26 мақала. Тестілеуге дейін және одан кейін консультация беру АИТВ-ға дене қарсылығына тестілеу, өзінің денсаулығы мазалайтын не жұқтырып алу мүмкін, кез келген адамға қолжетімді болуға тиіс. Тестілеуден, венериялық ауруы бар не есірткі препаратын көктамырға енгізіп тұтынатын, сондай-ақ жыныстық қатынас жасау серіктестігі бар адамдар, тәуекелдігіне ұшыраймыз деп санаса өтуге тиіс. Ерікті тестілеу анонимді және құпиялы болып табылады. Дене қарсылығының болуына тестілеуден өту, оған дейінгі және одан кейінгі консультация алу арқылы ғана өткізілуге тиіс. Бұл – пациенттің ақпараттық келісімін, тестілеу мен оның маңызы туралы құпиялы және айқын ақпаратқа кепілдік береді.
40612-12-2012№29 мақала. ЖИТС пен АИТВ – инфекциясының белгілері АИТВ –инфекциясы өте «сұрқия» деп есептеледі. Бұл адамның ағзасына иммун тапшылығы вирусының енуі мен оның көбеюі, көбінесе АИТВ-инфекциясының ешқандай белгілерін туғызбайтындығына байланысты болады. Адамның АИТВ –мәртебесін анықтаудың бірден-бір сенімді тәсілі – бұл АИТВ-ға тестіден өту. Жұқтырғаннан кейін АИТВ-инфекциясының өткір сатысы деп аталатын кезіндегі кейбір жағдайларда ғана АИТВ белгілері болады. АИТВ-ның алғашқы белгілері айқын болмайды. Мысалы, жұқтырған адамның бойында, АИТВ жұқтырғаннан кейін бірнеше аптадан кейін температурасы 37,5–38 градусқа дейін көтерілуі, лимфалық жүйелері, «темірі» ұлғаюы мүмкін, кейде тамағында жағымсыздық, жұтқан кезде ауыратындығы сезіліп, терісінде қызыл дақтар пайда болуы, жиі іш өтуі мүмкін.
40729-11-2012№27 мақала. АИТВ мен ЖИТС айырмашылығы қандай? Адамдардың көпшілігі АИТВ/ЖИТС – бұл екеуі де бірдей деп ойлайды. Шын мәнінде бұл олай емес! АИТВ – бұл иммунды жүйені зақымдайтын вирус. АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) – бұл ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы) туғызатын вирус. АИТВ иммунды жүйені белгілі бір хал-жағдайға дейін нашарлатады, организмде оппортунистік деп аталатын ауру дами бастайды, оған әдетте сау иммунды жүйе қарсы тұра алады. АИТВ адам организміне түсіп, инфекцияға, Т-лимфоцитке және СD4 қарсы тұруға жұмылатын белгілі бір жасушаларға шабуыл жасап, иммун жүйесін нашарлатады. Уақыт өте келе АИТВ осынау жасушалардың едәуір санын бұзады. Осыдан кейін организм өзін қатерлі ісіктердің, вирустардың, бактериялардың, саңырауқұлақтардың немесе тоғышарлардың кейбір түрлерінен қорғай алмайды. Әдетте ЖИТС диагнозы, адамның бойында бір не бірнеше өте ауыр ауру дамыған кезде, АИТВ жұқтырғаннан кейін бірнеше жылдан соң қойылады.
40821-11-2012№23 мақала. АИТВ жұқтырған аналардан туған балаларды жүргізу. Балалар – біздің болашағымыз 01.12.2012 жылға Маңғыстау облысы бойынша 2003 жылдан бері өсіңкі қорытындымен – 8 АИТВ жұқтырған ана мен 11 жүктілік тіркелді. Өсіңкі қорытындымен барлығы АИТВ жұқтырған аналардан 11 бала туған. Осылардан 2011 жылғы 05.01.2011 жылғы № 8 бұйрыққа сәйкес, бақылау мерзімі аяқталған соң және АИТВ инфекциясына теріс зертханалық деректер кезінде 10 бала диспансерлік есептен шығарылды. Диспансерлік есепте жасы 14 айлық «АИТВ инфекциясы бойынша тәуекелдік» диагнозымен АИТВ жұқтырған анадан туған бір бала есепте тұр. Сондай-ақ АИТВ инфекциясы диагнозы 2 балада анықталды: 1. 2008 жылы 1,6 жастағы қыз бала, РФ тұрғыны, тұрғылықты жері Баку қаласына шығарылып жіберілді. 2. 2011 жылы 4 жастағы бала.
40914-11-2012№22 мақала. АИТВ және жүктілік АИТВ - оң әйелдердің көпшілігі балалы болғысы келеді. Босанар алдында және босанған кезде медициналық араласудың қазіргі заманғы әдістері, АИТВ инфекциясының анадан балаға берілу тәуекелдігін іс жүзінде нөлге дейін азайтуға жәрдемдеседі. Соған қарамастан АИТВ –оң әйелдер осындай қадамға барудан бұрын «барлық «жақтайтынын» және «қарсылығын» саралап салмақтауы керек.
41009-11-2012№5 мақала. Sysmex KX-21 автоматты гематологиялық талдама Медицинада зертханалық зерттеудің маңыздылығын айтып жеткізу қиын.Көптеген жағдайда тек талдамалар ғана қатерлі симптомдардың себептерін ұғынуға мүмкіндік береді. Лаборратория ГККП «ЖИТС МОО» МКҚК зертханасы жабдықтармен жарақтанған. Талдамалардың дәл де жедел нәтижелерін алу да білікті мамандар құрамында 2 бригада еңбек етеді.
41109-11-2012№21 мақала. Мерез және АИТВ Мерез – баяу трепонемадан туындайтын, созылмалы жұқпалы ауру. Мерезді көбінесе «ауру императоры» деп атайды, себебі оның көптеген көріністері болады және оны басқа аурулардан айыру қиын. Мерез 25-30 жастағы еркектер мен әйелдерде жиі тіркеледі. Қоздырушы, жұқтырған серіктесінен тікелей жыныстық қатынас (қынапқа енгізу, тіке енгізу не анальды секс) жасау кезінде беріледі. Бактерия, мерез жарасы бар адаммен қатынас жасау кезінде, шырышты қабығы не зақымданған терісі арқылы енеді.
41222-10-2012№20 мақала. «АИТВ-жұқпасы берілуінің гемотрансфузиондық жолының алдын алу» Адамға қан мен оның құрауыштарын құю күн сайын оның өмірін құтқарады.Жарақаттануына, хирургиялық операция жасауға, жүктіліктің асқынған кезінде қан кетуіне байланысты, қанның көп жоғалуы сияқты осындай көрсеткіштер бойынша қан құю, өмірлік маңызы бар болып табылады. Бұл емшара, адамдардың басқа да хал-жағдайында, оның ішінде аууыр түрдегі қан аздығын, гемофлияда не орақтүріндегі –жасуша қан аздығын емдеу кезінде де пайдаланылады. Денсаулық сақтау жүйесіндегі қан қызметіне, халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін , қанның қауіпсіздігі мен оның жеткілікті мөлшерінде қамтамасыз етілуіне жауапкершілік жүктелген.
41319-10-2012№28 мақала. «Маңғыстау облысының пенитенциарлық мекемелерінде АИТВ/ЖИТС –тің алдын алу іс-шаралары» «Тұтқындағы адамдар, оларға алдын алу бағдарламалары шоғырлануға тиіс, тұрғындардың басымдықты тобы болып табылады. Қазақстандағы тіркеу құрылымында АИТВ –жұқпасы жағдайларын тіркеудің 28-30% жыл сайын тұтқындардың үлесіне тиеді. Пенитенциарлық жүйеде жағдайды қалыптастыру мақсатында, АИТВ-жұқпасының алдын алу жөніндегі іс-шаралар Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасына енгізілген.
41405-10-2012№18 мақала. Психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің (ПӘК) алдын алу жұмысы ЖИТС-тің облыстық орталығында Психоәлеуметтік консультация беру кабинеті (ПӘК) жұмыс істейді, онда күн сайын хабарласқан клиентпен АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша консультация жүргізіледі. Консультация беру АИТВ/ЖИТС туралы білім деңгейін арттыру мақсатында, АИТВ-жұқпасының одан әрі таралуын болдырмау, пациенттің АИТВ-ға тестіден өтуі туралы шешім қабылдау кезінде қолдау көрсету мақсатында өткізіледі. Консультация беру адамның жеке дара қажеттілігіне, оның нақты проблемалары мен әр түрлі жағдайларына бағытталған.
41505-10-2012№19 мақала. Халықтың осал топтары арасындағы алдын алу жұмысы ЖИТС ОО мамандарымен облыстағы жалпы халық пен тұрғындардың осал оптары арасында алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде. ЖИТС ОО базасында СП (сенім пункті) жұмыс істейді, онда халықтың осал топтары қатарынан волонтерлер мен аутрич-қызметкерлер (ИЕТ - инъекциялық есірткі тұтынушылар, КСҚ – коммерциялық секс қызметкерлері) және оқытылған медбикесі бар «Газель» маркалы автомашинада жылжымалы сенім пункті жұмыс жасайды. Сенім пунктінде инъекциялық есірткі тұтынушылар арасынан 18 волонтер, КСҚ арасынан волонтер жұмыс жасайды.
41604-10-2012№17 мақала. АИТВ-ға тестілеу АИТВ-ға алдын ала тестілеу, вирусқа қарсы күреске ағзада жасалынатын, дене қарсылығы қанында бар-жоғын айқындайтын ИФА болып табылады. Бұл тестжоғары сенімділікке (90% жуық) және сұрыптауға е, жақсы жасалынған технолдогия осы тестіні қымбат емес етіп жасаған. Талдама үшін күретамырдан қанның аз ғана мөлшері алынады. Дене қарсылығының жасалуы, ағзада вирус түскен соң, шамамен бір айдың ішінде басталады. 2-2,5 айдан соң сенімді түрде айқындау үшін дене қарсылығының жеткілікті шоғырланымы жасалынады. Сондықтан да көптеген елдерде тестілеудің алдында пациентке, шынайы нәтижесі, вирус жанасқаннан кейін 3-6 айдан соң( адамдардың 99% жуығы 3 айдан соң, 6 айдан соң100%) іс жүзінде айқындалатыны ескертіледі.
41702-10-2012№9 мақала. Трихомониаз Трихомониаз – жыныс жолымен берілетін, ең жиі жұқпалардың бірі. Әйелдер мен еркектер бірдей жиі-жиі ауырады. Жұқтыру жыныс қатынасы кезінде өтеді. Бытовой путь распространения трихомониаз таралуының тұрмыстық жолы сиерек әдетте қарапайым гигиена ережесін сақтамау кезінде жұқтыру балаларда кездеседі. Бұл ең көп тараған паразитті дәрет жыныстық жұқпаның бірі. Басқа да жыныстық жұқпалармен – соз ауруымен, хламидиозбен, кандидозбен және т.б. жиі ұштасады.
41801-10-2012№14 мақала. Парентеральды инфекция Берілу жолдары және алдын алу Парентеральды инфекция, парентеральды жолмен берілетін сол инфекция болып табылады. Парентеральнды инфекцияға: В, С вирусты гепатиттері жән АИТВ/ЖИТС жатады. В гепатиті – қоздырушысы В гепатит вирусы болып табылатын вирусты ауруы. Вирусы өте орнықты. Қан сарысуында +300С температура кезінде вирустың жұқпалылығы 6 ай бойы, -200С температура кезінде 15 жылға жуық; құрғақ плазмада – 25 жыл сақталады. Инфекцияның берілу тетігі – парентеральды. Жұқтыру табиғи (жыныстық, тік, тұрмыстық жолмен және жасанды (парентеральды) жолмен жүреді. Вирус п қанда және әртүрлі биологиялық сұйықтарда – сілекейде, зәрде, ұрықта, қынаптық секретте, менструальды қанда және т.б. болады. В гепатит вирусының контагиоздығы ( жұқпалығы) АИТВ жұқпалығынан 100 есе асып түседі.
41901-10-2012№15 мақала. Сегіздің алтауы – нашақор Жыл сайын, 2010- жылдан бері, АИТВ-жұқпасымен аурудың жаңадан 12-ден жағдайы анықталуда. Бүгінге облыста АИТВ жұқтырғандар саны 117 адамға жетті. 113 жағдайы Ақтау қ. тіркелген. Осылардың жартысы парентеральды жолмен, қалған жартысы – жыныстық жолмен жұқтырған. Оның ішінде 97 адам – бұлар 20-дан 39 жасқа дейінгі АИТВ жұқтырғандар. Басқа облыстар аясындағы статистика бойынша өте жаман емес, Маңғыстау аурулардың саны бойынша төменнен екінші орын алады.
42028-09-2012№16 мақала. Маңғыстау облысындағы АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай Маңғыстау облысында жалпы алғанда 1994 жылдан бері 117 АИТВ- жұқтырғандар, оның ішінде 14 жасқа дейін екі бала тіркелген. 117 аурудың 70-і Ақтау қ. «Д»- есепке алынған. 1994 жылдан бері ЖИТС орталығында 7 жүкті әйел мен 10 жүктілігі бар әйел тіркелген. Диспансерлік есепте АИТВ-жұқтырған әйелдерден туған екі бала тұрады.

Біздің вакансиялар

Қысқаша  мәлімет
 
     1988 жылы Облыстық қан құю станциясының базасында жұқтырылған иммун тапшылығы синдромын зерттеу зертханасы ашылды және иммуноферментті анализатормен (ИФТ) қамтамасыз етілді. 1991 жылы Маңғыстау облысы әкімдігінің шешімі бойынша "жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-ЖИТС орталығы) құрылды.)
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жұқтырылған қорғаныс тапшылығы вирусы жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы» мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 01 қазандағы № 240 бұйрығымен «Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау областық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып өзгерді.
«ЖИТС-тың  алдын  алу  және  оған қарсы  күрес жөніндегі  Маңғыстау  облыстық орталығы» ШЖҚ МКК қызметі 18.09.2009 ж. №193-IVҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін және ҚР Үкіметінің  2016 жылғы 16 наурыздағы  №143 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық  сақтау  саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық»  Мемлекеттік  бағдарламасын іске  асырудың   іс-шаралар Жоспарын,  сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының арнайы сессиясында  қабылданған АИТВ-инфекциясына қарсы күрес ісіне бейілділігі туралы Декларацияны  іске  асыруға  бағытталған.
Жұмыс жылдық жоспарға сәйкес клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ және СР 23.06.2015 ж. № 508 бұйрығына және жылдық жоспарға сәйкес орындалады.
ЖИТС МОО мамандарымен облыс тұрғындары арасында алдын алу  және індетке  қарсы іс-шаралар жүргізілуде. ЖИТС ОО базасында СП (сенім пункті) кабинеті жұмыс жасайды, онда «Теңбе-тең» қағидаты бойынша халықтың осал топтары (СҚ – секс қызметкері, ИЕТ – инъекциялық есірткі  тұтынушылар, ЕЖЕ -ерлермен ерлер арасындағы жыныстық қатынас) қатарынан волонтерлер мен аутрич-қызметшілер және оқытылған медбикесі бар «Газель» маркалы автомашинада жылжымалы сенім пункті тартылады..
       Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 08 тамыздағы № 118 қаулысына сәйкес «Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы» ШЖҚ МККатауы «Маңғыстау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып өзгертілді.

                                                                 
Орталықтың мақсаты:


1) Өңірде адамның иммун тапшылығы вирусына (бұдан әрі - АИТВ-инфекциясы) эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;
2) АИТВ инфекциясының және жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының (бұдан әрі-ЖИТС) алдын алу, диагностикалау және емдеу жөніндегі іс – шараларды ұйымдастыру және үйлестіру);
3) АИТВ және ЖИТС-ның қауымдастырылған ауруларының зертханалық диагностикасын ұйымдастыру және жүргізу;
4) АИТВ инфекциясын жұқтырғандарға диспансерлеу және медициналық көмек көрсету, байланыстан кейінгі ретровирусқа қарсы профилактика жүргізу;
 
 

Мекеме жаңалықтары

Фотогалерея

Показатели по области за 2024

31

Выявлено граждан РК

3

Выявлено иностранцы

79
%

Мужчины

20.6
%

Женщины

Информация об ОСМС